Жеті жетекші:
1. Адамның басшысы – ақыл,
2. Жетекшісі – талап.
3. Жолаушысы – ой.
4. Жолдасы –кәсіп.
5. Қорғаны – сабыр.
6. Қорғаушысы – мінез.
7. Сынаушысы – халық /Саққұлақ би/.
Жеті ғашық:
1. Ләйлі –Мәжнүн
2. Фархад –Шырын
3. Таһир –Зуһра
4. Арзу –Қамбар
5. Уәлік –Ғарра
6. Уәки – Күлшаһ
7. Жүсіп –Зылиқа
Жеті шәріп /Жеті әулие/:
1. Меке шәріп
2. Мәдина шәріп
3. Бұхар шәріп
4. Шам шәріп
5. Қатым шәріп
6. Құддыс /Мысыр/ шәріп
7. Кәләм шәріп /Құран/.
Жеті қазына:
1. Ер жігіт
2. Сұлу әйел
3. Ақыл, білім
4. Жүйрік ат
5. Қыран бүркіт
6. Берен мылтық
7. Жүйрік тазы.
Жеті ғалам:
1. Шығыс
2. Батыс
3. Оңтүстік
4. Солтүстік
5. Аспан /жоғары ғалам/
6. Жер /орта ғалам/
7. Жер асты /төмендегі ғалам/
Жеті күн:
1. Бүгін
2. Ертең
3. Бүрсігүні
4. Арғы күн
5. Ауыр күн
6. Соңғы күн
7. Азына
1. Дүйсенбі
2. Сейсенбі
3. Сәрсенбі /сәтті күн/
4. Бейсенбі
5. Жұма /қасиетті күн/
6. Сенбі
7. Жексенбі.
Жеті жұт:
1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала
Жеті жоқ:
1. Жерде өлшеуіш жоқ
2. Аспанда тіреуіш жоқ
3. Таста тамыр жоқ
4. Тасбақада талақ жоқ
5. Аллада бауыр жоқ
6. Аққуда сүт жоқ
7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім,
Иесіз қалған жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Аққу-қазсыз көл жетім,
Замандасы қалмаса-
Бірінен де сол жетім.
Жеті ата:
1. Бала
2. Әке
3. Ата
4. Арғы ата
5. Баба
6. Түп ата
7. Тек ата.
Жеті қат көк:
1. Ай
2. Күн
3. Шолпан
4. Есекқырғын /Меркурий/
5. Қызылжұлдыз /Марс/
6. Сатурн
7. Мүштәри /Юпитер/.
Жеті амал:
1. Күннің тоқырауы
2. Қарашаның қайтуы
3. Үркердің батуы
4. Мұздың қатуы
5. Киіктің матауы
6. Қыс тоқсан
7. Ай тоғамы.
Қабырғаға ал достарың да бiле жүрсін!